Сыбайлас жемқорлық әрекеті жайлы хабарлаған азаматтар мемлекет қорғауында болады. Бұдан бөлек, ақпараттың құпиялығы жөнінде келісім жасалады. Бұл елдегі сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге бағытталған заңдағы жаңашылдықтың бірі.

Бұл шара құқық бұзушылық туралы хабарлаған азаматтарға қысым көрсету жағдайларының алдын алу үшін ұйымдастырлып отыр. Ал, жемқорлық жайында хабар берген азаматтар мемлекет тарапынан сыйақы алатын болады.

Тұрғындар лауазымды тұлғалардың өкілеттіліктерін асыра пайдалану, қамқорлық көрсеткені үшін ақша сұрау, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтар туралы хабар бере алады.

Қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолын кесуге үлесм қосамын деген азаматтар салалық органға уақытылы жүгінуі маңызды.