5- маусым дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және экологтар күні. Айтулы датаға орай облыстық әкімдік пен өңірдегі ірі кәсіпорын өкілдері қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туындаған кезде және экологиялық төтенше жаңғдайларда әрекет ету бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Бұл бірлескен жұмыс өңір экологиясын жақсартуға септігін тигізбек. Бұл серіктестік осы бағыттағы жүйелі жұмысты жетілдіруге және тың технологияларды қолданысқа енгізуге септігін тигізері анық.

Сонымен қатар жауапты сала мамандарына жүктелетін жауапкершілік жүгі артады. Кез келген уақытта орын алған жағдайға байланысты тексеру жүргізулеріне болады.

Меморандум шығарындыларды жедел түрде уақтылы азайтуға ақпарат алмасудың ашықтығын қамтамасыз етуге және бақылау жүргізу арқылы қоршаған ортаны ластанудан қорғауға бағытталған алдын алу шараларын бір парасы.

Бұдан бөлек, өңір экологиясын жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жоспарлы жұмыстар легі жалғасын табады. Мамандарға қажетті жылжымалы зертхана сатып алынады. Ол зертханасы жұмысты тездетіп, алынған сынамаларға сол жерде талдау жасауға мүмкіндік береді.

Бұл мерандумның аясы кең. Бұдан бөлек қоршаған ортаны сақтау мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы аясында биыл өңірде 115 мың түп ағаш егу жоспарда бар. Мұның барлығы экологиялық ахуалды жақсартуға септігін тигізері анық.