Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шемонаиха ауданының 2025 жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы туралы айтылды. Толығырақ келесі материалда.
Жыл басынан бері ауданда ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы құрылымдары, шағын және орта бизнес тұрақты дамып келеді. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 103 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 117 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 102 пайызға, түрлі салаға тартылған инвестиция 103 пайызға өсті. Тауар айналымының көрсеткіштері тұрақты. Кәсіпкерлікті қолдауға негізделген мемлекеттік бағдарламалар нәтижесінде 10 қайтарымсыз грант бөлініп, 136 тұрақты жұмыс орны ашылды. 182 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік салада да оң нәтиже байқалады. Ауылдарда дәрігерлік амбулатория мен су құбыры нысандары салынуда. Көшелер абаттандырылып, балалар және спорт алаңдары орнатылуда.
Бұдан бөлек ауданда ауыл шаруашылығы саласында қолға алынған жобалар нәтижелі. Ауданда экономикалық өсімді тұрақты сақтау мақсатында жоспарлы жұмыстар жүйелі жүргізіледі.