Өскемендік Сергей Шим ағаштан түйін түйетін шебер.Оның осы салада жүргеніне он жылдан асқан. Ол шынжырлы араны пайдалана отырып, ағаштан небір туындыларды жасап шығарады. Оның жасаған мүсіндері облыс орталығындағы саябақтардан да орын алған. 

Сергей Шимнің негізгі мамандығы – экономист. Бірақ, ол бұл салада еңбек етуден саналы түрде бас тартып, өзінің сүйікті кәсібін қолға алған. Шебердің айтуынша, оның мүсін жасауға деген сүйіспеншілігі көркемсурет мектебінде оқып жүрген кезде басталған. Ағашқа жан бітірген шебердің әрбір туындысы көздің жауын алады.

Шебер түрлі бейнедегі туындыларды шынжырлы ара арқылы жасайды. Оның қолынан шыққан мүсіндер үлкен сұранысқа ие. Сергей Шим алдағы уақытта қала тұрғындарына, соның ішінде балаларға арналған аллеяны ашуды мақсат еткен. Себебі, балалардың көпшілігі ағаштан жасалған мүсінге қызыға қарайды, дейді шебер.