Қазақ руханияты тағы бір кітаппен толықты. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің өңір филиалының төрағасы Нұрия Темірханованың «Қызыма хат» кітабының тұсаукесері өтті. Автор бұл туындысын қызы мен барша қаракөздерге арнаған.
Шығармашылық адамы Нұрия Темірханова өзін өмірге шексіз ғашық жан есептейді. Әрдайым ізденісте жүретін ол, қоғамдық шаралардан қалыс қалмайды. «Қызыма хат» деп аталатын автордың төл туындысы қызы Іңкәр Бәзікеноваға және барша қызық қыздарына ой саларлық кітап боп арналған. Кітапта қызының өмірге келген сәті мен тәтті қылықтарын әңгімеге негіз етіп алған. Соның негізінде бүкіл қазақ қыздарына ақыл-өсиетін әдемі жеткізген.
Тұсаукесерге Нұрия Темірханованың жақындары, достары және мектеп оқушылары қатысты.
Шара соңында автор бойжеткендерге қазақи салт-сана, тәлім-тәрбие мен қалай ортада сыйлы болу сияқты ақыл-кеңестерін жеткізді.