Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышов "Үміт" балалар үйіне барды. Балаларды келе жатқан әз-Наурыз мерекесімен құттықтады. Аудан әкімі бүлдіршіндерге азық-түлік пен өзге де базарлықтарын ала келген.

Күршім ауданы мен «Үміт» балалар үйінің арасында тығыз достық қарым-қатынас орнаған. Күршімдіктер әр мереке сайын осында келіп, атаулы күнді балғындармен бірге қарсы алады. Аудан әкімі бастаған топ осы жолы балалар үйіне екі жүз елу келі ет, табиғи таза өнімдерін арқалай келген. Тәтті-дәмді мен қатар концерттік бағдарлама да ұйымдастырды.

Бұл достық қарым-қатынас одан әрі нығая түспек.Жаз айында «Үміт» балалар үйінің бүлдіршіндері демалысын осы өңірде өткізуді жоспарлаған.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да қайырымдылық шарадан қалыс қалмайтындығын айтады.