Ұлыстың ұлы күніне орай ШҚ Өнер мұражайында «Сәлем, көктем!» көрмесі ашылды. Көрмеге есімі елге белгілі және жергілікті суретшілердің жеке туындыларынан кескіндеме, графика қойылған. Бұдан бөлек, сәндік-қолданбалы қолөнер шеберлерінің бұйымдарын да көруге болады. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Шараның мақсаты өнер музейінің құнды жәдігерлері мен қолөнер шеберлерінің жасаған ұлттық құндылықты, салт-дәстүр мен өнерімізді дәріптейтін шығармаларымен таныстыру. Суретшілерді шабыттандырып, түрлі тақырыпты қамтитын туындылар осы мезгілде дүниеге келеді. Әр көрмеде көктемнің өзіндік философиясы қамтылған. Мысалы, әр суретшінің туындысында ертегідей әсер ететін стильдердің толық қоспасы бар.

Бұдан бөлек, өнер мұражайында театрландырылған қойылым дайындалған. Әртістер салт-дәстүрлер топтастырылған түрлі көріністер көрсетті.

Аталмыш көрме қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнерін көпшілік қауымға насихаттап қана қоймай, ерекше әсер қалдырды.