Наурыз мерекесінің онкүндігі аясында облыстағы діни бірлестік басшылары Қайырымдылық күнін атап өтті. Діни бірлестік басшылары Ұлан ауданы Таврия ауылындағы хосписке барды. Игі шара жайлы тілші тарқатсын.

Таврия ауылындағы хосписте 67 азамат қызмет алады. Олардың әрқайсысы өмірдің түрлі жағдайларына тап болған азаматтар. Наурыз мерекесі қарсаңында облыстағы діни бірлестік өкілдері хосписке атбасын бұрып, көмекке мұқтаж жандардың жанына демеу болды.

Келген қонақтар мұндағы жандарға күнделікті тұрмысқа қажет заттарды, азық-түлік себеттерін тарту етті.

Мұндай шара жақын жанға деген жанашырлық, қолдау көрсету және мейірімге бөлеу маңызды екенін тағы бір мәрте еске салды.

Діни бірлестік басшыларының айтуынша бұл осы мекемеде ұйымдастырылып жатқан бірінші акция емес. Әлі де жалғасын табады. Болашақта барынша қолдау көрсетіп, қол ұштарын беруге әзір.

Мекеме директоры Ерболат Баиров келген қонақтарға алғысын жеткізіп, осындай жандарға көңіл бөліп, хосписке арнайы келгендері үшін ризашылығын білдірді.