Глубокое ауданы әз-Наурыз мерекесінің онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күнін атап өтті. Аудандағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте «кимешек кигізу» салт-дәстүрі сахналанды. Оқушыларға ұлттық киім жайылы толық ақпарат берілді.

Жас келін перзентті болып, ол қырқынан шыққанда енесі «Сен енді санатқа қосылдың. Бұрын бала едің, енді ана болдың, дана болдың. Енді осы үйдің толық мүшесің» деп келіннің маңдайынан сүйіп, ақ батасын береді. Бұл жиынды келіннің енесі ұйымдастырады. Кимешектің ана мен баланың тазалығы үшін маңызы жоғары болған.

Кимешек – тұрмыс құрғаннан кейін киілетін бас киім. Оны тіл-көзден сақтайтын қорған деп те санаған.

Көнеден қайта жаңғырған ұлттық салт-дәстүріміз – кимешек кигізу рәсімі көптің көңілінен шықты. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.