Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Мамандығым - болашағым» өңірлік жобалық кеңсесінің ашылу салтанаты өтті. Шараға жоба өкілдері мен жоғары оқу орнының оқытушылары қатысты. Аталған жоба халық табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.
«Мамандығым – болашағым» жобасы шеңберінде университет қызметкерлері интенсивті режимде форсайттық зерттеу әдістемесі бойынша сертификаттау курсынан өтеді. Тренинг нәтижелері бойынша оқытушылар аймақтық жобалық кеңсе командасына қосылып, ШҚО кадрлық қажеттілігінің өңірлік картасын жасауға қатысатын болады. Бүгінде бұл бағдарлама еліміздің 15 өңірінде іске асырылып жатыр.
Жаңа білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – су қауіпсіздігімен айналысуға, жаңа цифрлық технологияларды пайдалану арқылы су тұтыну жүйесін жаңғыртуға, ГИС технологияларын интеграциялауға және химиялық талдаудың заманауи әдістерін жүзеге асыруға қабілетті білікті мамандарды оқыту.
Жоба аясында өңір үшін бірегей және маңызды білім беру бағдарламалары гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі мамандықтары анықталды. Бұдан бөлек, ЖОО-да «Ерте жастан қолдау педагогы» және «Эргопедагог» иновациялық білім беру бағдарламалары да жүзеге асып келеді.