Қайырымдылық жасау – ізгіліктің басты көрінісі. Қасиетті Рамазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры өңірдегі көмекке мұқтаж жандардың алғысына бөленді. Көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін таратты.
«Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы көмекке зәру жандарға барынша қол ұшын беріп, қолдау үшін жасалған игі іс. Бастамаға мұрындық болған облыстық «Зекет және қайырымдылық» қоры. Кәіпкерлерде көмек беруден шет қалған жоқ.
«Халифа Алтай» мешітінің бас имамы жақсылық еселенетін қасиетті айда барынша қайырлы іске жақын болуымыз керек,-дейді. Еріктілер де бұл қайырымдылық акциясынан қалыс қалмады.
Жақсы ниет – әрқашан жақсылыққа жетелейтіні сөзсіз. Қала тұрғындары мұндай игі шаралардың көңіл қуантатынын айтады.
«Халифа Алтай» мешітінің бас имамы қолдан келгенін аямай жомарттық танытып жатқан азаматтарға алғысын білдірді.