Қазіргі кезде өңірде су тасқынын алдын алуға байланысты мониторинг жүргізілуде. Күршім, Тарбағатай, Зайсан аудандарында қар мөлшері азайған. Күннің жылуына байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Сол себепті мамандар үнемі бақылау жүргізуде. Қандай да бір қауіп болған жағдай да немесе жағдай тұрақсызданса онда жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметінің мамандары жедел әрекет етуге дайын. ШҚО ТЖД мәліметі бойынша 732 бірлік техника, 61 жүзу құралдары, 234 мотопомпа дайын. Қазіргі кезде Глубокое ауданында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыс жүйелі жүргізілуде. Ауданда жағдай тұрақты. Барлық құрылымдар тиісті кестеге сай жұмыс жүргізуде. Өзендер мен су жайылуы ықтимал деген жерлерге арнайы су деңгейінің көтерілуін анықтайтын бақылау белгілері қойылды. Су басу қаупі бар деген елдімекендерден 9 мың текше метр қар шығарылды. 12 канал, 49 арық тазартылып, арнасы тереңдетілді. 8 көпір мен темір жолдарда 91 су өткізу құбырлары тазартылды. Глубокое ауданында су басу қаупі басым деген 15 елді мекен бақылауға алынды. Қазіршгі кезде 144 техника, 2 бірлік жүзу құралы, 29 мотопомпа дайын. 100 тоннаға жуық иннертті материал дайындалды.