Алтай ауданы Соловьево ауылында Березовка өзенінің су деңгейі күрт көтерілуінен, 7 жергілікті аумақты су басты. Мамандардың айтуынша, суды сору жұмыстары толассыз жауған жауын-шашын салдарынан қиындаған. Қазіргі таңда су деңгейі төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдарының жедел жұмысының арқасында төмендей бастаған.

Оқиға орнына жедел өңір басшысы Ермек Көшербаев келіп, жағдаймен танысты. Екі күн қатарынан толассыз жауған жаңбырдың салдарынан көтерілген су деңгейі қазірде 10-15 см түскен. Қазір бұл жерде суды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, көшуден бас тартқан тұрғандар туған-туыстарының үйіне орналасқан. Сондай-ақ, жергілікті билік өкілдері, ТЖ мамандары мен тәртіп сақшылары ауылды қатаң бақылауға алған,- деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.