Екі күн бойы толассыз жауған жауын-шашынның салдарынан Күршім ауданындағы Қалғұты өзенінің суы арнасынан шығып, жазық аумаққа жайылып кетті. Күршім ауданы әкімдігінің хабарлауынша, облыстық маңызы бар «Күршім-Ақсуат» тас жолының 23-і шақырымында тас жолды шайып кету қаупі төнгендіктен, жиналған суды өткізуге арналған арна салынды. Жол Аманат, Жолнұсқау және Ақсуат елді мекендерін жалғайды. Аталған елді мекендерде барлығы 705 адам тұрады. Қазіргі уақытта жолды қалпына келтіру жұмыстарына қажетті материалдар дайындалып, тасымалдануда. Су деңгейі төмендегеннен кейін жөндеу жұмыстары бірден бастақмақ. Жағдай жергілікті атқарушы билік өкілдерінің назарында.