Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХІІ сессиясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев су тасқыны өзен арналарының тазаланбауы саладыран орын алуда деді. Сонымен қатар барлық құрылымдардың бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесінде су басу қаупін алдын алуға мүмкіндік берді.

Өңірдегі су тасқыны жіті бақылауда. Тәулік болуы мониторинг жүргізілуде. Үлкен қауіпті алдын алу мақсатында тәуекелдер картасы құрылды. Ол тұрақты түрде жаңартылып отырады. Аймақ басшысы Ермек Көшербаев мамандарға су басу қаупі бар аймақтарды тәуекелдер картасына енгізуді ұсынды – бұл үлкен мәселелердің алдын алуға көмектеседі.

Мәселен, Алтай ауданы Соловьево ауылында көпірдің ұзындығын ұлғайтып, Березовка өзенін кеңейтіп, бөгеттерді көтеру қажет. Барлық су басу қаупі бар аймақтарға қатысты осы және басқа ақпарат тәуекелдер картасында үнемі жаңартылып отырады. Сонымен қатар, Ермек Көшербаевтың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін. Біздің облыс бірінші толқыннан сәтті өтті.

Облыс әкімі аудандарға қолдау көрсету және су тасқынының зардаптарын барынша азайту жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатқандығын айтты. Қандай да бір өзгеріс орын алса, жедел әрекет ету жоспары жасалды.