Қоршаған орта мен табиғатқа ұқыпты қарауға әр адам баласы міндетті. Өскеменде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдіргендер арасында қоғам белсенділері, түрлі ұйым қызметкерлері бар. Олар облыс орталығын қоқыстан тазартты. «Таза өлке» апталығында алғаш рет барлық саяси партиялардың мүшелері белсенділік танытты.

Өскемен тұрғындары«Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Таза өлке» атты алғашқы аптасында қала көшелері мен аулаларын қоқыстан тазартты. Бұл сенбілікке саяси партия мүшелерінің бірігіп алғаш рет қатысуы.

Жас партия мүшелері де қала тазалығын сақтауға белсене ат салысты. Саяси партия мүшелері барша қала тұрғындарын игі шараға қатысуға шақырады.

 «Таза Қазақстан» акциясына қатысушы саяси партия мүшелері туған жерге деген сүйіспеншіліктерін сөзбен ғана емес, осылайша іспен де көрсетуде.