Аймақтағы мектеп асханаларына облыстық прокуратура қызметкерлері тексеріс жүргізді. Нәтижесінде әлеуметтік осал топ санатына жататын балаларға арналған тағам бекітілген мөлшерден төмен беріліп келгені анықталған. Бұдан бөлек, осы бағытта қызметін ұйымдастыратын 11 кәсіпкер төлем кезінде қосылған құн салығын заңсыз алып тастағандығы тіркелген. Орын алған заң бұзушылықтар жайлы әріптесім тарқатсын.

Мәселен 11-18 жас аралығындағы балалар 7-10 жасқа арналған ас мәзірі бойынша тамақтанып келген. Бұл қызмет түрі әлеуметтік осал топ санатындағы балаларға, толық емес отбасы мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көрсетілген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша тексеру қорытындысына сәйкес, 7 лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Облыстық білім басқармасы бұл жағдай ерекше бақылауда екенін айтады. Ал балалардың жасына сәйкес тамақтану нормасын есептеудің жаңа әдістемесін егжей-тегжейлі зерделеу үшін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданған.