Шығыс Қазақстан облысында алимент төлемейтіндердің саны әлі азаймай тұр. Сондықтан, облыстық әділет депратмені қызметкерлері жеке сот орындаушылармен бірігіп «борышкер» шарасын өткізіп келеді. Нәтижесінде бала-шағасы алдындағы қарызды соттың шешімімен өтейтіндердің саны айтарлықтай азайды. Жыл басында жалпы берешек сома 600 миллион теңге болса, үздіксіз жүргізілген жұмыстың арқасында сот орындаушылар 200 миллион теңге өндірді. Қазіргі қалған қырыз 408 миллионды құрайды. Енді осы берешекті қайтару үшін облыстық әділет департаменті қызметкерлері әр бағыт бойынша 25 іс шараны қолға алды. Жалпы облыстағы жеке сот орындаушылардың өндірісінде 13 122 алимент ісі бар. Олардың басым бөлігі өз ерікімен төлесе, 387 адам үш айдан артық төлем жасамаған. Ал тағы 130 тұлға бірде-бір рет алимен төлемеген. Борышкерлерден 25 автокөлік тәркіленіп, 15 адманың жүргізу куәлігі уақытша тоқтатылды. 4 тұрғын үйдің сот арқылы үлестері бөлініп, өндірушілерге тапсырылды. Тіпті сот шешімін мүлде орындамаған кейбір борышкерлерге қатысты қатаң шешім қабыладуға тура келген.