Шығыста тұрғын үй құрылысын жүзеге асырып жатқан мекемелерге талап күшейді. Мемлекеттік сәулет–құрылыс бақылау басқармасы баспана салуды қолға алғандардың жұмысын тексеріп жатыр. Алғашқы тексеріс жұмыстарының қорытындысы көңіл көншітпейді. Құрылыс саласындағы 19 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал оның салдарынан 6 бірдей нысанның жұмысы тоқтады. Бұл баспаналардың ендігі жайы не болмақ? Әріптесім айтсын.

Қазіргі таңда Өскеменде 59 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның мемлекет қаржысына салынғаны 12, коммерциялық бюджет есебінен 47 шағын пәтерлі баспана бой көтереді.

Салаға жауапты мамандар мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін айтады. Себебі, заң талаптарын сақтау баршаға міндет. Ал бұл талапты елемеген 8 ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ал баспана алуға ниеттенген азаматтар нысан құрылысын жүзеге асырып жатқан мекеме жайлы толық ақпарат жинауы тиіс, дейді мамандар.