«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Алтай ауданы халқы да белсене қатысты. Қалалық әкімдік пен бюджеттік ұйым қызметкерлері айналаны қоқыстан тазартты. 

Алтай ауданы халқы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қолдау көрсетті. Қала тұрғындары орталық саябақты қоқыстан тазартты.

Сенбілікке бюджеттік ұйым қызметкерлері, студенттер, ауданның белсенді тұрғындары қатысты.

 «Таза Қазақстан» акциясы мамыр айының соңына дейін жалғасады. Ал келесі аптада «Жасыл аймақ» атауымен көшет отырғызу басталады.