Аймақтағы тау шатқалдарында әлі де қар көп. Сол себепті су тасқынына қарсы шаралар әлі де жүріп жатыр.Мәселен, Катонқарағай ауданында Өрел өзенінің 1000 метр жағалауы нығайтылды. Бұл жұмыстар Алтай ауданында да іске асырылуда.

Жергілікті атқарушы органдар өзен арналарын тазалау және тереңдету, сондай-ақ жағалауды бекіту жұмыстарын жалғастыруда. Су айдындары тұрақты бақылауда. Күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Жергілікті атқарушы органдар, шаруа қожалығының қызметкерлері жолдардың жиегіне бөгет салып, су өткізу құбырларын орнатты.