Ақбауыр - тарихы тереңнен тамыр жайған қасиетті орын. Ұлан ауданында орналасқан ескерткіш талай жылдан бері зерттеушілердің назарына ілігіп, қызығушылықтарын оятты.Қойнауы құнды мекеннің әлі де ашылмаған құпиясы көп. Ал оны келешек ұрпаққа жеткізу баршаға ортақ міндет.Елде өткізіліп жатқан ауқымды экологиялық акция аясында киелі жерде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл күні Ұлан ауданы әкімдігінің бастамасымен 50 көшет отырғызылды.

Туған жердің ертеңіне бей-жай қарамайтын азаматтар бүгін Ақбауырға жиналды. Археологиялық кешен маңын қоқыстан тазартып, көшет отырғызды.

Экологиялық акция нағыз мерекеге айналды. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары жиналғандарға әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Аудандық «Жастар ресурстық» орталығының директоры Серік Асқабыловтың айтуынша қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараның маңызы зор.

Ардагерлер қауымы да маңызды шарадан шет қалмады. Олар бұл акция жастарды жақсы іске жетелейді деген пікірде.

«Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар туған жерге деген сүйіспеншіліктерін сөзбен ғана емес, іспен де көрсетті.