Алтай ауданының тұрғындары да бір кісідей «Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Олар саябақтар мен жол жиектеріне ағаш көшеттерін отырғызып, көшелер мен үй аулаларының тазалығын ретке келтірді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында ұйымдастырылған шара нағыз мерекеге айналды.

Жергілікті әкімдік қызметкерлері экологиялық акцияға белсене қатысты. Шараға жиналғандар айналаны қоқыстан тазартып, саябақтарды абаттандырды. Бұл жұмыстарға бөлім басшыларынан бастап жастарға дейін атсалысты.

«Таза Қазақстан» акциясының кезекті аптасы «Жасыл аймақ» атауымен жалғасын табады. Бұл апталықта аймақ тұрғындары көшет отырғызады.