Тақырыпты одан әрі жалғастырамыз. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған экологиялық акцияда жастар Шешек асуындағы бұлақтың көзін ашып, маңын тазалады. Акцияға облыс орталығындағы жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері қатысты.

Өскемен қаласы Жастар ресурстық орталығының еріктілері мен белсенділері көпшіліктің сүйікті демалыс орынына айналған қала шетіндегі Шешек асуының маңын қоқыстан тазартты.

Қала шетіндегі Шешек асуындағы бұлақтан арлы-берлі өткен жолаушылар, туристер суын ішіп, шөлін басады. Тіпті өскемендіктер осы жерден күнделікті тұтынатын ауыз суын алады.

Мамыр айының ортасына дейін өтетін акция апта сайын арнайы атаумен жалғасын табады.