Өңір жастары да «Таза Қазақстан» экологиялық акиясынан қалыс қалмады. Игі шараны қолдауға ірі кәсіпорын мамандары, волонтерлер мен өз қаласын сүйетін жандар жиналды. Белсенді топ «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» монументі мен Сағадат Нұрмағанбетовтың ескерткіші маңын тазалап, абаттандырды.
Шараға жиналған жастардың қарасы қалың. Сенбілікке жиналғандар «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» монументі мен Сағадат Нұрмағанбетовтың ескерткіші аумағына тазалық жұмыстарын жүргізіп, ретке келтірді.
Акцияны қолдуға облыс орталығындағы ірі өндіріс орындарының өкілдері келді. Сенбілікке жиналғандар осындай шаралардың жастарға берері мол деген пікірде. Өскемендіктер жағы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаға ерікті түрде қатысып жатыр.
Ескерткіштерді сақтау, тарихи тұлғаларға көрсетілген құрметтің белгісі. Шараға қатысушылар «Киелі мекен» акциясы ұрпаққа үлгілі іс дейді.