Өскеменде есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Екатерина Чебышевамен кездесу өтті. Ол жеке санатта 2-ші ал командалық есепте 3-орынды иеленді. Сурдо дзюдодан әлем чемпионаты Түркістан қаласында өткен болатын.

Екатерина Чебышева спортқа 44 жасында келген. Оның қазіргі таңда жеткен жетістіктері аз емес. Өткен жылы сурдо дзюдодан әйелдер арасында ұйымдастырылған ел кубогының чемпионы атанды. Екатерина Чебышеваның жаттықтырушы бұл спорт түрі қарапайым дзюдодан еш айырмашылығы жоғын айтады.Тәлімгердің өзі тәрбиеленушілермен қарым-қатынас жасау үшін ымдау тілін меңгерген.

Екатерина Чебышева бүгінгі таңда өз салмағы бойынша бірінші орында, - дейді ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған спорт клубының директоры Балғабек Ақшолақов.

Екатерина Чебышева дзюдо спортына әрқашан қызығатын, бірақ ол өткен жылдың қазан айында ғана осы спорт түріне келуге бел буған. Спортшы қиын сәттерде болғанын жасырмады. Дегенмен,көздеген мақсатына жету үшін аянбай тер төккен.

Екатерина Чебышеваның туыстары мен достары оған барынша қолдау көрсетіп келеді.Себебі, спортшы үшін отбасының қолдауы өте маңызды.

Осындай қысқа мерзімде жоғары нәтижеге қол жеткізген Екатерина Чебышева шеберлігін одан әрі шыңдауды көздеп отыр. Себебі, оны алдағы уақытта Жапонияда өтетін сурдлимпиада ойындары күтіп тұр.