Өскемендегі А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Зұлмат жылдар елесі» атты әдеби көрме өз жұмысын бастады. Көрмеге зиялы қауым өкілдері, суденттер қатысты. Шара 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған.
Көрме қуғын-сүргінге ұшыраған, жер аударылған түрлі ұлт өкілдері мен ашаршылық құрбандарын еске алу мақсатында ұйымдастырылған.
Келушілер назарына осы бағытта жұмысын ұйымдастырған тарихшылардың еңбектері мен фотосуреттер ұсынылған.
Шара барысында студенттер бұл күннің маңыздылығынан хабардар болды. Бұдан бөлек, облыс орталығында түрлі жиындар ұйымдастырылып, тарихи күннің мән-маңызы түсіндіріліп жатыр.