Биылғы оқу жылын өңірдің дарынды оқушылары табысты аяқтады. Халықаралық, республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысып, алтын, күміс және қола медальдарды иеленді. 1 маусым - Халықаралық Баларды қорғау күні облыс әкімі Ермек Көшербаев дарынды оқушылармен жүздесті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шараның басты мақсаты - оқушылардың білімге, ғылымға, өнерге, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Талантты жастарға қолдау көрсету.

Арман Бағданов Күршім ауданындағы № 3 Күршім гимназиясының 11 сынып оқушысы. Биыл елімізде алғаш рет ұйымдастырылған ауыл оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада жеңімпазы.

Пән аралық олимпиада, түрлі білім додаларында үздік нәтиже көрсеткен облыс оқушылары биылғы оқу жылын олжалы аяқтады. Жаратылыстану-математика пәндері бойынша өткен республикалық олимпиадада облыс құрамасы «Үздік олимпиадалық команда» номинациясында үздік үштікке енді.

Сонымен қатар республикалық Абай оқуларында облыстың жас дарындар командасы байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алды. Білімде, өнерде, спортта өзгелерден оза шапқан жас дарындар мереке күні облы әкімі Ермек Көшербаевпен жүздесті. Кездесу еркін форматта өтті.

Кездесуде үздік оқушыларға облыс әкімі грамоталар мен ақшалай сертификаттар табыстады.