«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері облыстық полиция департаментімен бірлесіп есірткіге қарсы күреске бағытталған акция ұйымдастырды. Өскемен жастары фтбол турнирінде бақ сынады.Шараның мақсаты –салауатты өмір салтын насихаттау.

Өскеменде өткен футбол турнирінде 4 команда өзара кім мықтыны анықтады.Шараны ұйымдастырушылар доп додасы тартысты өткенін айтады. Бұл турнир әр салада қызмет етіп жүрген азаматтардың басын қосты.

Ойын соңында үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы сыйлықтармен марапатталды.