Қаржы пирамидалары қараша халықтың қалтасын қағып жүргені жасырын емес. Алаяқтардың арбауына түсіп, қаржысынан айырылған азаматтардың да қатары артып келеді. Келеңсіз жайтқа тап болмас үшін қайтпек керек? Бұл сауалға Қаржылық мониторинг Агенттігі ұйымдастырған «АФМ Online 2024» диалог алаңында сала мамандары жауап берді.
Қазіргі таңда әлеуметтік желіні жайлаған алаяқтар көпшілікті аз қаржы салып еселеп пайда табуға болатын жалған ұсыныстарымен тұзаққа түсіріп келеді. Интернет арқылы алдау-арбау әдісі де түрленіп отыр. Өскеменде ұйымдастырылған жиында қаржы пирамидаларының қызметіне баса назар аударылды. Себебі, олардың саны жыл сайын артып келеді, - дейді сарапшылар.
Бұдан бөлек, жиында интернет саудамен айналысатын блогерлерге заңнама нормалары түсіндірілді.
Шараға аймақ тұрғындары, ЖОО студенттері онлайн форматта қатысуға мүмкіндік алды.