Өскемендегі «Экомед-Шығыс» клиникасының ашылғанына биыл 5 жыл. Жалпы бұл клиниканың елде жұмыс істеп келе жатқанына 30 жылға жуықтаған. Осы жылдар аралығында 40 мыңнан астам жанұя сәбилі болған. Шығыстағы отбасыларға қуаныш сыйлап жүрген мекеме жаңа мекенжайға көшті.

Өскемендегі «Экомед-Шығыс» клиникасы биыл мерейлі мерейтойын атап өтті. Осы уақыт аралығында мекеме облыстағы 500-ге жуық жанұяға перзент сүю бақытын сыйлаған. Қазіргі таңда ел бойынша осындай 12 клиника жұмыс істеп тұр. Мекеменің негізін қалаушы Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының вице-президенті Салтанат Байқошқарова.

Мекеме әрбір отбасы үшін қолжетімді болуды мақсат етеді.Сондықтан елдің түкпір-түкпірінде ашылған клиникаларға жүгінген азаматтарға барлық сатыда толыққанды көмек көрсетіледі.

 «Экомед» клиникасы жыл сайын ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру үшін ем-дом жүргізу тәртібін жаңартып отырады. Мекеме халықаралық дәрежедегі 12 шетелдік аудитордан репродукция және эмбриология бойынша халықаралық сертификаттаудан өткен.