Облыс орталығында «Мейірім» және «Жүректен жүрекке» акциясына қолдау білдірген меценаттармен кездесу өтті. Жиында көпбалалы және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсеткен қайырымды жандарды облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева марапаттады.
Биыл көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жазған 3015 тілек хаты қаралып, меценаттардың қолдауымен барлығының тілегі орындалған.
«Жүректен жүрекке» және «Мейірім» акциясы аясында өңірде барлығы 2040 балаға көмек көрсетілген. Ал, шара басталғалы 562 адам тұрғын үймен қамтылды. Баспанаға қол жеткізгендердің бірі – Әйгерім Тұрғанбаева.
2016 жылдан бері қолдау тауып келе жатқан «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында 22 мыңнан астам тілек орындалған. Ал, облыстық ТЖ департаменті «Мейірім» акциясы аясында балаларға үнемі қолдау білдіріп келеді.
Шара соңында балаларға әлеуметтік –патронаттық қолдау көрсетуге атсалысқан ұйым өкілдері мен еріктілер марапатталды.