Елде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы басталды. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шара Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында іске асырылуда. Енді «AMANAT» партиясы бұл бастаманы әр бейсенбі сайын ұйымдастыруды көздеп отыр. Аймақтағы партия филиалы Ұлан ауданының Таврия ауылдық округіне іргелес жатқан аумақтағы заңсыз қоқыс алаңын тазарты.
Акцияға мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, "Жастар рухы" жастар қанатының белсенділері, Ұлан ауданының еріктілері мен қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын азаматтар қатысты. Жалпы саны 150 адамнан құралған топ бекітілген аумақты мұнтаздай етті.
«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жәй ғана есеп үшін жұмыс емес. Мақсат – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
«Аманат» партиясы шараны іске асырмас бұрын, өңірлердегі елді мекендерде ластанған аумақтардың картасын әзірледі. Шығыста акция жалғасын табады. Оның аясында тарихи, мәдени ескерткіштердің айналасы абаттандырылып, өзен-көлдердің жағалаулары тазартылады.