Аймақта дәстүрлі «WorldSkills Shygys 2024» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Биыл 140 астам колледж студенттері 33 құзіреттілік бойынша бақтарын сынайды. Ұйымдастырылып жатқан жарыстың мақсаты, сервистік және өндірістік кәсіптердің мәртебесін арттыру.

 «WorldSkills» атты халықаралық қозғалыстың шарттарына сай, ұйымдастырылған шараға өңірдегі колледждерде кәсіптік-техникалық білім алып жүрген 140-тан астам шәкірт қатысуда.Кәсіби шеберлігін көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілгендер республикалық чемпионатқа жолдама алады.

Қазіргі таңда жастар жұмысшы мамандықтарға бет бұра бастады. Елде құрылысшы, аспаз, шаштараз сынды кәсіптен нәсіп тапқандардың саны артып келеді. Кәсіби, техникалық білім алуға талпынған жас буынның да қатары көбеюде.

Бүгінде кәсіби білім беру сапасын арттыру - алға қойып отырған мәселелердің бірі. Осы мақсатта аймақта WorldSkills жарысы ұйымдастрылып отырады. WorldSkills - маман даярлаудың инновациялық үлгісі мен озық тәжірибесін көрсететін білім сайысы.