Облыс орталығындағы № 1 қалалық аурухана әртүрлі деңгейдегі науқастарға жедел медициналық көмек көрсетеді. Мұндағы мамандардың біліктілігі мен қызмет көрсету сапасы жақсы. Бірақ ғимартты ескі, инженерлік желілердің тозығы жеткен. Әр бөлімшедегі ем-шараларды жасауға қажетті құрал-жабдықтар жаңартуды қажет етеді. Аурухана жұмысымен танысқан аймақ басшысы Ермек Көшербаев ғимаратты аралап, науқастармен тілдесті. Дәрігерлердің талап-тілектерін тыңдады.

Жедел медициналық көмек көрсететін бұл ауруханада қордаланған мәселе көп. Ғимараттың іші-сыртына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Шаруашылық жұмыстарды ретке келтіріп, науқастарды қабылдау бөліміне де өзгеріс қажет. Сонымен қатар дертіне дауа іздеп келгендерге жағдай жасап, барлық бөлімшелерді медициналық құрал-жабдықтар, техника, түрлі аппараттармен толықтыру бүгінгі күн талабы.

Ауруханадғы Жандос Уап басқаратын инновациялық медицина бөлімі көпке үлгі. Барлығы заман талабына сай жасалған. Дәрігерлердің біліктілігі мен өз ісіне деген жауапкершілігі бірден байқалады. Жаңашылдықтан жатсынбайтын олар алдағы уақытта тың бастаманы қолға алмақ. Енді барлық жоспарлы жұмыс уақытымен басталатын болса өзге бөлімшелер де жаңартылады, жақсарады. Мамандардың айтуынша бірінше кезекте инженерлік желілілер жөнделеді.

Мұндағы рентген аппараттары да ескірген. Қолданыстағылардың өзі жарамдылық мерзімі таяған құрылғылар. Соныдқтан да науқастардың дертін дер кезінде анықтап, ем-дом жасау үшін бұл құрылғылардың көмегі көп.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев өз орынбасары мен денсаулық сақтау басқармасының басшысына және өзге де жауапты өкілдерге жарты ай ішінде ұсыныс әзірлеп, жұмыс жоспарын құруды тапсырды.