Денсаулық сақтау саласының қазметкерлері кәсіби мерекесі күніне орай салтанатты марапаттау рәсімін өткізді. Марапатталғандардың арасында ұлт денсаулығының дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер мен сала үздіктері бар. Шараға өңір басшысы Ермек Көшербаев та қатысты.
Грамоталармен, "Еңбек ардагері" медальдарымен және "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгілерімен марапатталғандардың қатарында дәрігерлер, медбикелер, фармацевтер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және өңірдің басқа да денсаулық сақтау бөлімшелерінің қызметкерлері бар. Олар денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі, жоғары кәсібилігі, жұмысқа деген адалдығымен көзге түскендер.
Жиында жалпы саны 35 медициналық қызметкер марапатталды. Медальдар мен мадақтама грамоталарын облыс әкімі Ермек Көшербаев табыс етті. Марапатталғандар арасында облыстық аурухананың дәрігер-эксперті Жайнагүл Ахмадиева бар. Медицина саласындағы 45 жыл өтілі бар маман мереке қарсаңында үлкен тосынсый болды дейді.
Шара соңы өңір өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.