Аймақтағы мемлекеттік Еңбек инспекциясы басқармасына жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардан 953 өтініш түскен. Еңбек қатынастары саласында 249 тексеру жүргізіліп, 882 бұзушылықты анықталған.Бұл туралы облыс орталығында өткен брифингте басқарма өкілдері баяндады.
Басқарма мамандарының мәліметіне сүйенсек, жүргізілген тексеріс нәтижесінде өңірдегі 32 кәсіпорынның қызметкерлері алдында 325 млн.теңге мөлшерінде берешегі бары анықталған.
Бұдан бөлек, аймақтағы өндіріс орындарында жазатайым оқиғалар да тіркелген көрінеді. Дегенмен, жарақат алу деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға төмендеген.
Айта кетейік, өңірдегі 14 кәсіпорында "Халықтық бақылау" жобасы іске қосылған. Жоба аясында әр мекеменің қызметкерлері, жалпы саны 70-ке жуық маман өндірістегі қауіпсіздікті қадағалап, қызметкерлерді бекітілген тәртіпті сақтауға үйретеді.