ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Ұлан ауданының жастарымен кездесті. Нұрлан Әбдіров саладағы жаңашылдықтар жайлы баяндады. Бұған дейін төраға 14 мыңға жауық азаматпен жиын өткізген. Ал өңір жастары әр азамат өз таңдауының мемлекет дамуы үшін маңызды екенін сезінгенде және әр дауыс берушінің талабы дұрыс ескерілгенде сайлау жүйесіне сенім артады деп санайды.

Еліміздегі сайлау жүйесін заман талабына сай жетілдіру маңызды. Дегенмен оның механизмдерін жан-жақты ойластыру қажет. Ұлан ауданында жастармен кездескен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жүйедегі жаңашылдықтар жайлы баяндады.

Кездесуде талқыланған мәселелерге заң негізінде түсінік берілді. Нұрлан Әбдіров саяси науқанда жастардың белсенділігін арттыру бойынша бірқатар нақты ұсыныстарын да айтты.

Кездесу соңында жастар арасында сауалнама жүргізілді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы осы арқылы олардың пікірлерін зерделеп, нәтижесін талдайтындарын жеткізді.