Аймақта өрт қауіпті маусымы басталғалы ТЖД мамандарында тыным жоқ. Осы уақыт аралығында 7 орман өрті тіркелген. Қазіргі уақытта аймақта алдын алу шарасы іске асырылып жатыр. Нәтижесінде 32 заң бұзушылық анықталып, азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тілсіз жаудың салдарынан 1 гектарға жуық аумақ жанып кеткен. Қазіргі таңда ТЖД қызметкерлері орманшылар және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірге жедел профилактикалық шараны қолға алған. Оның аясында азаматтарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі айтылды. Мамандар табиғат аясына шыққанда не болмаса үй шаруасында от жаққан кезде абай болуға шақырады.Әсіресе, балаларға қызыл жалынның қаупі туралы айтып, отпен ойнамауды алдын ала ескерткендері жөн.
ТЖД қызметкерлері «Орман» жедел алдын алу шарасы аясында тұрғындарға қауіпсіздік ережелері туралы жадынама таратты.
Жыл сайын өрт қауіпті кезеңнің алдында орман шаруашылығы мекемелері қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуі мен оның дайындығы тексеріледі. Мамандар бекітілген ережені бұзғандарға заң аясында жауапкершілік қарастырылғанын айтады.