Аймақта мемлекеттік тілді меңгеруге ниет білдірген азаматтар саны артып келеді. Облыстық мәдениет басқармасы мен Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығы ”Дарын” балалар лагерінде “Күн тәртібі” тақырыбындағы сабақ ойын түрінде өтті. Аталған шара облыс бойынша ұйымдастырылып жатыр.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Глубокое ауданындағы балаларға арналған жазғы демалыс лагерінде қазақ тілін үйрету, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорларын молайту мақсатында балалармен “Күн тәртібі” тақырыбында ойын-сабағы өткізілді. Шараның мақсаты - қазақ тілін балаларға ойын сабақтары арқылы тез, оңай және жеңіл меңгеруге жол ашу.
Лагерде жазғы уақытта әр аусымда 350 бала демалады. Әр балғынның демалыс уақытын қызықты әрі пайдалы өткізу үшін арнайы шеберлік сағаттары мен түрлі үйірмелер жұмыс істейді.
Осылайша, мұнда келген әр баланың таным көкжиегін кеңейтіп, алаңсыз демалулары үшін бар жағдай жасалған.