Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің бастамасымен іске асқан «Таза Қазақстан»акциясы елдің түкпір-түкпірінде «Таза бейсенбі» шарасымен игі жалғасын тапты. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар бұл жолы Тарбағатай ауданында өтті. Оған 270-тен астам адам қатысты.Ал акция басталғалы бұл ауданнан 5 мыңға жуық адам науқанға тартылған.Олар 400 тоннаға жуық қоқыс шығарған.
«Таза бейсенбі» экологиялық акциясында Тарбағатай халқы белсенділік танытты.Аудан жастары, еріктілер, мемелекеттік қызметшілер мен ауыл тұрғындары жаппай сенбілікке шықты. Олар көше бойын, арық арнасы мен өзен жағалауын мұнтаздай етті. Шара аясында жастар қауымы қазан көтеріп, қатысушыларға палау және сусын таратты.
«Amanat» партиясының ұйымдастырумен қолға алынған науқан елдің түкпір-түкпірінде тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жолы партия өкілдері Тарбағатай ауданы орталығында халықпен бірге тазалық акциясына қатысып, эколгиялық науқанға үлес қосты.
Осылайша Тарбағатай ауданы тағы бір мәрте ауқымды тазалық науқанын өткізіп, ауыл маңын тазартты.
«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жәй ғана есеп үшін жұмыс емес. Мақсат – қоршаған ортаны сақтау. Ал шараға қатысушылардың айтуынша, аталмыш акцияны тұрақты өткізіп, экологиялық сана мен мәдениетті қазірден қалыптастырған дұрыс деген пікірде.