Қорашаған ортаны қорғауға бағытталған шара Глубокое ауданында жалғасын тапты. Мұндағы акция «Таза бұлақ – Таза аумақ» ұранымен өтті.Акцияға қатысушылар жағажай аумағын абаттандырды.

Глубокое кентінде 20 жылдан астам уақыт қараусыз қалған жағажай бүгін абаттандырылды. Жергілікті билік өкілдері, еріктілер, аудан тұрғындарымен бірге айналаны мұнтаздай етті.

Бұдан бөлек, мұнда балаларға арналған ойын, футбол, волейбол, теннис алаңдары салынды.

Аймақта «Эко-сақшы» жобасы да іске қосылған. Оның аясында эко-турлар ұйымдастырылды. Алғашқысы Самар ауданында өтті.

Акция басталғалы өңірдегі 204 саябақ, 323 тарихи-мәдени ескерткіш және 859 әлеуметтік нысан ретке келтірілді. 7 мыңға жуық су нысаны, 26 субұрқақ, 348 шақырым арық тазартылды. Елді мекендерден 29 мың тонна қоқыс шығарылды.