Аймақтық комуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Шығыс Қазақстан облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов осы жылға өңір спортшылары алдына қойылған міндеттері туралы айтты. Сонымен қатар жазғы Олимпиадаға аттанған жерлес спортшылар мен қыркүйекте Астанада өтетін дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысы сөз болды.

2024 жылға шығыс атлеттерінің алдына қойылған басты міндеттің бірі әрине Парижде өтіп жатқа 33-жазғы олипиада ойындарына қатысу еді. Айта кетейік аталмыш додаға өңірден 9 спортшы аттанған болатын. Олар еркін күрес, таэквондо, семсерлесу және жеңіл атлетикадан ел намысын қорғауда.

Сондай-ақ облыс спортшылары 5-нші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына да дайындықтарын жалғастыруда. Спортшылар бірқатар спорт түрінен өнер көрсетпек.

2024 жылдың екінші жартысы да бірқатар ауқымды спорттық шаралармен толықпақ. Мәселен алдағы жартыжылдықта 22-ші ұлттық спорт сайыстарын, «Сәулетай» балалар ойындары мен ардагер спортшылардың арасындағы және мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спартакиада ойындарын өткізу жоспарланған.