Риддер қаласындағы № 7 арнайы мектеп-интернаты жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын жалғастыруда. Биыл білім ордасында ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мекеменің дайындығын әріптесім Нұртас Қайролдаев біліп қайтты.
№ 7 арнайы мектеп-интернатында 320 бала білім алады. 78 адамнан құралған ұзтаздар құрамы балалармен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Бұған дәлел оқушылар жыл сайын «Special Olympics» желісі бойынша облыстық және республикалық жарыстардың жүлдегер атануы.
Сондай-ақ білім беру мекемесіне демеушілік көмек те көрсетілуде. Жыл сайын «Казцинк» кәсіпорны мекеменің жағдайын біліп, керекті жабдықтармен қамтамасыз етуді қолға алған.
Айта кетейік білім ордасы «Қазақстан халқына» қорымен де тығыз байланыс орнатқан. Өткен жылы аталмыш қор көмегімен георгарфия, тарих, информатика пәндеріне арналған арнайы жабдықталған кабинеттермен толыққан.