Еңбек және әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың шығыстағы сапары жалғасуда. Бұл жолы Вице-министр Риддердегі «КазЦинкМаш» ЖШС ат басын бұрды. Ақмәди Сарбасов өндіріс орнының тыныс-тіршілігімен танысты. Глубокое ауданындағы Зимовье ауылына да барды.

Өндіріс орнының қызметкерлерімен кездескен вице-министр биыл 1 қаңтардан бастап елде ауыр және зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істейтін азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік төлем енгізілгенін айтты. Бұдан бөлек, кәсіпорындағы еңбек ұжымының қауіпсіздігіне баса мән беру қажеттігін де еске салды. «КазЦинкМаш»ЖШС жұмысшылары вице-министрге өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.

 «КазЦинкМаш»ЖШС аралаған Ақмәди Сарбасов өндіріс орнында қауіпсіздік талаптарын сақтауға баса мән берілгенін айтты.

Бұдан соң,вице-министр Глубокое ауданындағы Зимовьев арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Бұл орталық түрлі ем-дом қызметтерін ұсынады. Орталық қызметкерлері де вице-министрге сауалдарын қойды.

Елде дәл осындай қызмет түрін көрсететін мыңнан астам мекеме бар. Шығыста қазіргі таңда үш бірдей әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр.