"Ғылым және білім: Қазақстан-Германия серіктестігі" тақырыбында Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ Қазақстан-неміс апталығы басталды. Ауқымды шара аясында екі ел арасындағы білім мен ғылым саласында ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашылады. Түрлі инновациялық жобалардың жүзеге асуына серпін беретін осы сияқты кездесулер мен өзара әріптестік негізінде іске асыралатын бағдарламалар өңір үшін қажетті білікті мамандарды даярлауда таптырмас мүмкіндік. Апталыққа арнайы келген меймандардарға өзара пікір алмасқанан кейін Қазақстан-Неміс ғылым және технологиялар институты таныстырылып, университет зертханалары мен орталықтарына экскурсия жасалды.
Елдегі металлургия және химия өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз етуде Шығыс Қазақстанның рөлі зор. Өңірде әртүрлі пайдалы қазбалардың қоры мол. Әсіресе, тау-кен өнеркәсібін жетілдіру мақсатында шетелдік инвестиция тарту маңызды. Осы саланы дамыту үшін білікті мамандарды даярлау және жаһандық энергетикалық ауысу жағдайында шикізатты барлау, өндіру және өңдеудің соңғы технологияларын қолданысқа енгізу де заман талады.
Қазіргі кезде университетте білім алатын жастардың металлургия, тау-кен саласы бойынша түрлі жобаларды жүзеге асыру және инновациялық технологияларды қолданысқа енгізуі маңызды. Осы ретте бұл әріптестіктің берері мол.
Шараға келген Александр Скалабан, «ALPHA-SAFETY» ЖШС бас директоры. Өзі және компаниядағы жұмысшылардың дені осы оқу орынының түлектері. Бірлесе жұмыс істегендеріне де аз уақыт болған.
Университет тұрақты кадрлық әлеуетті қалыптастыратын жас ғалымдар мен мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөледі.
Бүгінде аталмыш жоғарғы оқу орны Гернманияның 10-ға жуық университеттерімен бірлесе жұмыс істейді. Түрлі жобаларды жүзеге асыруда.
Сонымен қатар апталықтың ашылу салтанатында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жанынан қазақ-неміс ғылым және технология институты ашылатындығы айтылды.