Өңірде энергетика саласының сарапшылармен кездесу жалғасуда. Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Анжела Горностаева мен халықтық штаб мүшесі Жадыра Закарина «Транстелеком» АҚ ШҚОФ ұжымымен кездесіп, мемлекет басшысының биылғы жолдауын талқылап, азаматтарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.
Мемлекет басшысы атап өткендей қазіргі таңда елде энергетика саласын дамыту қажет. Кәсіпорындар өнідірілетін өнім көлемін арттырып келеді. Салдарынан энергия тапшылығы да байқалып отыр. Сондықтан қажеттілікті толық қамтамасыз ету үшін, энергетика саласына өзгеріс енгізу маңызды.
Спикерлер жиынға қатысушыларға елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар төңірегінде сөз қозғап, атом энергетикасын дамытып жатқан мемлекеттердің тәжірибесін талқылады.
Кездесуде «Транстелеком» қызметкерлері штаб мүшелеріне өздерін толғандырған сауалдарын жолдады. Мекеме қызметкерлерін елдің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы маңызды қадамдары толғандыратын көрінеді.
Шараны ұйымдастырушылар мұндай кездесулер облыс орталығының өзгеде мекемелерінде өтетінін айтты.