ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Шәкәрім Бұқтұғұтов пен Ольга Булавкина Өскеменде тұрғындармен кездесті. Кедесуде елдегі энергетика саласын дамытудың маңызы талқыға түсті. Шараға ЖОО студенттері де қатысты.
Аймақта елдегі энергетика саласын дамыту жөнінде атқарылатын жұмыстарға қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Жиынға қатысушылар сенат депуттарына көкейде жүрген сауалдарын қойды. Депутаттар энергия көздеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, негізгі мәселелер бойынша егжей – тегжейлі айтып берді.
Елдегі энергетика саласын дамытудан бөлек, жиында бірқатар мәселе көтерілді. Ол өңірдегі жол мәселесі. Депутат Ольга Булавкинаның айтуынша, шығыстағы жол жөндеу жұмыстары рет-ретімен іске асырылып келеді.
Шарада елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге қатысты пікірлер айтылып, бұл саланы дамытып жатқан елдердің тәжірибесі талқыланды.