Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапановтың төрағалығымен нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. Құқық қорғау органдары қызметерлерінің мәліметіне сүйенсек өңірде аталған іске қатысты 200-ден астам заң бұзушылық әрекеті тіркелген. Заңсыз айналымнан 150 келі есірткі заттары тәркіленген.

Тәртіп сақшылары есірткі мен психотроптық заттардың айналымына шектеу қою жұмысытарын күшейтті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 202 қылмыстық әрекетті анықтады. Заңсыз затты өндірумен айналысқан үш зертхананың қызметі тоқтатылды.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда облыста кәмелетке толмағандар арасында есірткі тұтыну көрсеткіші төмендеген.Бұл алдын алу жұмыстарының нәтижесі дейді ведомствоаралық штабтың мүшелері.

Штаб мүшелері жиын соңында облыста есірткімен күрес, жастардың теріс қылыққа бет бұруын алдын алу шараларын одан әрі күшейтетінін жеткізді.