Үлбі металургия зауытында атом саласы қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысты. Жиында атаулы күнге орай бірақатар қызметкер марапатталды.

«Үлбі металлургия зауыты» акционерлік қоғамы - әлемдік деңгейдегі өнімдерді өндіріп, жеткізуде мол тәжірибесі бар бірегей кәсіпорын. Бүгінде зауыт өнеркәсіпті ураннан, бериллийден, танталдан, нибийден жоғары сапалы өнім өндіру және оларды қайта өңдеуді жемісті жүзеге асырып келеді.

Салтанатты жиында осы салада ұзақ жыл қызмет етіп, кәсіби шеберлігімен танылған «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ басқарма төрағасы Сергей Бежецкий «Қазақстан Республикасының атом саласына еңбегі сіңген қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Зейнетте болсада қызметін жалғастырып келе жатқан Оразалы Жетеновте адал еңбегі мен мінсіз қызметі үшін өңір басшысының алғыс хатымен марапатталды.

Қазіргі уақытта зауытта 6000 астам адам жұмыс істейді. Кәсіпорын бірнеше елдермен келісім-шарт жасасқан. Ал білікті мамандардың арқасында өндіріс орны дүниежүзіне танымал болды.